Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 106 мыңнан астам жүк көлігінің көлеміне тең. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы, әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істейді, сол сияқты қар күреу бағытын түзетеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада күн сайын қар күреуге мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы да басқа орындардың қары күреледі.
4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан астам жүк көлігі толы қарды шығарды, бұл 1,3 млн текше метрден астам қар. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтіледі.