Астанада қалалық мәслихат депутаттары ағаш отырғызды
Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында түрлі шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары ботаникалық бақтың аумағына ағаш отырғызды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінде бүкіл ел бойынша экологиялық акциялар өтіп жатыр. «Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызуға және оларды ақтауға арналған. Биыл елордада 1 миллион 100 мың жасыл желек отырғызылатыны қуантады, оның 900 мыңы – қала аумағында, 200 мыңы – жасыл белдеу аумағында, - дейді Астана мәслихатының төрағасы Еран Каналимов.
Мен Астана мәслихатының 30 жылдығына арналған тамаша іс-шараға қатысқаныма қуанып отырмын. Бүгін барлық шақырылымдардың депутаттары ауқымды тазалыққа қатыстық. 30 жыл ішінде Астана өзгерді және қазіргідей деңгейде құлпырды, - деді 2002-2003 жылдары Астана қаласы мәслихатының хатшысы болған Вера Лукьянец.
Әр түрлі шақырылымдағы мәслихаттардың 70-тен астам депутаты тазалық акциясына қатысып, ағаш отырғызды.
Бүгін, осы айтулы күні сенбілікке жиналып, ағаш отырғызамыз. Астана – біздің туған қаламыз және әрбір тұрғын қаланың жасыл желекке толы болуына ықпал етуі тиіс, - деп бөлісті VII және VIII шақырылымдардың елордалық мәслихатының депутаты Асқар Смағұлов.
Айта кетейік, 3 апта бойы елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізілуде. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды тазалау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.