Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын жол уақытша жабылады

Астанада Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын жол уақытша жабылады
Фото: Астана қалалық әкімдігі 22.07.2024 11:29 400

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» мұз айдыны сарайы жақтан «Астана Арена» ауданындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 22-25 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашылып, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға