Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.07.2023 16:42 1083

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 12-15 шілде аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылымен өтетін жергілікті жол жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға