Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.06.2024 16:30 299

Астанада 3-4 маусым аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жоғарыда аталған даңғыл мен көшенің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жөндеу жұмысына байланысты көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға