Астанада «пропискаға» тұрғысы келетіндерге шектеу енгізіледі

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ірі қалаларда бір пәтерге жүздеген адамды тіркеу азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы мәселені шешу мақсатында елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер ұсынылады, яғни жергілікті мәслихатқа бір азаматқа қанша шаршы метр тиесілі екенін белгілейтін функция берілмек. Сондай-ақ елорда аумағында белгіленген нормативтерден тыс тіркеуге тыйым салынады, - деді вице-премьер.
Жұманғарин бұл ретте тіркеу нормативтері «меншік иесінің жұбайын және жақын туыстарын тіркеген кезде қолданылмайтынын» атап өтті.
Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне жауапкершілік күшейтілетін болады, - деді вице-премьер деді Серік Жұманғарин.
