Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
01.01.2025 14:33
495
Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пошта арқылы жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды.
Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 грамм марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды.
Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 грамм кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.
Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Полиция Жаңа жыл түні қалай өткені туралы есеп берді
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы