Жаңалықтар

Астанада полиция қызметкерлерін кәсіптік даярлау қалай жүргізіледі

Астанада полиция қызметкерлерін кәсіптік даярлау қалай жүргізіледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі 12.04.2024 02:36 574

Елордада ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы жүргізеді. Бөлімшенің жұмысы туралы ӨКҚ брифингінде Басқарма бастығының орынбасары Ержан Амантаев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы Астана полиция департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады.

Басқарманың негізгі міндеті ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру болып саналады, бұл – ІІО қызметкерлерінің ІІО-ға жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті кәсіби білімі мен дағдыларын бекітуге және жетілдіруге бағытталған мақсатты процесс, - деді спикер.

ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы мынадай түрлерді қамтиды:

- қызметтік даярлық: ҚР нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ қызметкердің тікелей қызметіне қатысты бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар зерделенеді;

- атыс дайындығы: қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қолданудың құқықтық негіздері, қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, материалдық бөлігі және тактикалық-техникалық сипаттамалары және, әрине, атыс қаруымен жұмыс істеудің практикалық дағдылары зерттеледі және пысықталады;

- дене шынықтыру және жауынгерлік күрес тәсілдері, жалпы дене шынықтыру жаттығулары және дене күшін қолданудың практикалық дағдылары оқытылады және пысықталады;

- арнайы дайындық: қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің іс-әрекеттері зерделенеді және пысықталады.

Басқарма тұрақты негізде ІІО-ға кандидаттардан, сондай-ақ кезекті аттестаттауға жататын жұмыс істеп жүрген қызметкерлерден, оның ішінде сыныптық біліктілігін растау және арттыру үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтар қабылдайды. ІІО-ға кандидаттар үшін де, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін де дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтер медициналық - жас топтарына бөлінеді, - деп хабарлады Ержан Амантаев.

Сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында полицейлер арасында іріктеу жарыстары үнемі өткізіліп тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға