Астанада полицейлер ер адамнан мефедрон тәркіледі
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
20.01.2023 21:06
1036
Полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстап, оны тінту кезінде мефедрон салынған 3 пакет табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде одан 50 бума мефедрон мен электронды таразы тәркіленді.
Тәркіленген “синтетиканың” жалпы салмағы 50 граммнан асады, бұл 200-ден астам бір реттік тұтыну дозасын құрайды. Ол елорда аумағында есірткі сатуды көздеген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысындағы жеке үйде газ баллоны жарылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды