Жаңалықтар

Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды

Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі 04.02.2025 15:11 270

Астанада полицей жаттығудан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала анықталғандай, күштік жаттығудан кейін залдан шыққан ер адам есінен танып қалған.

Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды жүргізгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі миокард инфаркті болған. Қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ведомство.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм 1983 жылы туған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға