Астанада пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді
5-12 қазан күндері Астанада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл маңызды іс-шара алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар қатысады. Чемпионатқа 9 елден 71 спортшы қатысады: Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль, Кения. Жалпы қатысушылар саны 130 адамды құрайды, оның ішінде жаттықтырушылар, көмекшілер және төрешілер бар.
Бұл чемпионат Қазақстанда зағип спортшылар арасында пауэрлифтингтен өткізілетін әлемдік деңгейдегі алғашқы іс-шара болып саналады. Чемпионат елімізде инклюзивтікті қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың спортын дамытуға маңызды үлес қосады, - делінген мәліметте.
Іс-шараға кіру тегін.