Астанада өзара бәстескен жасөспірімдердің бірі суға батып кете жаздады

Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
16.06.2024 18:45
663
Астанада №63 мектептің оқушысы Ақбұлақ өзенінің бір жағасынан екіншісіне жүзіп өтуге бәстесіп, салдарынан суға батып кете жаздады. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
15 маусымда 19:50 минутта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбазы патрульдеу кезінде жас баланы құтқарды. Ол суға батып бара жатқан 2008 жылы туған жасөспірімді аман алып қалды. Белгілі болғандай, жасөспірімдер өзара бәстескен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2637 медицина қызметкері кәсіби мереке құрметіне марапатталды
Келесі жаңалық
Биыл Астанадан қанша адам әскерге аттанады