Жаңалықтар

Астанада отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті мәлім етті
Астанада отызға жуық үйректі заңсыз атқан браконьерлер ұсталды
Фото: instagram.com/qazfwc 06.01.2023 21:28 918

Астанада үйрек атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

5 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде астаналық эылу электр орталығы маңындағы су қоймасында болған браконьерлік фактісі туралы бейнежазба тараған болатын.

«Қазіргі таңда бейнежазбада көрсетілген бір адам ұсталды, ол - Астана қаласының тұрғыны. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған екінші адамның жеке басы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары екі азаматқа қатысты процессуалдық шешім шығарады» деп хабарлады комитеттен.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында үйрек аулау мерзімі тамыздың соңғы сенбісі мен 30 қараша аралығында жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға