Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай кіруге болады?

8-13 қыркүйек аралығында Қазақстан астанасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қазіргі уақытта Асық ату, Ордо, Арқан тарту, Қазақ күресі, Ашыртмалы аба гүреши, Құраш, Кораш, Алыш, Мас-рестлинг, Дәстүрлі садақ ату сияқты жарыстардың түрлеріне билеттер онлайн-сатылымда бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.
5 тамыздан бастап барлық ниет білдірушілер үшін ойындардың ашылу салтанатына билеттер қолжетімді болады.
Халықтың кейбір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Сонымен қатар дайындық аясында елорда осы ауқымды іс-шараның бірегейлігін көрсететін шағын архитектуралық нысандармен безендірілген.
Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.
