Жаңалықтар

Астанада Отбасы күніне орай «Koktal run» марафоны өтті

Астанада Отбасы күніне орай «Koktal run» марафоны өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 10.09.2023 22:24 985

Астанада Отбасы күніне орай Көктал саябағында жүгіру марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі.

Осы орайда мерекеге орай, алғаш рет «Koktal run» жүгіру марафоны өтті.

Астанада Отбасы күніне орай «Koktal run» марафоны өтті

Бұл іс-шарада 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз. Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Аталмыш сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет. Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық, – деп Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин өз пікірін білдірді.

Жеңімпаздар:

5 шақырым. Ерлер:

1-орын – Нұрбек Борин 18:45;
2-орын – Асылхан Нақыш 18:46;
3-орын – Юрий Какуркин 19:05.

5 шақырым. Әйелдер:

1-орын – А. Мороз 25:55;
2-орын – Ұ. Талап 26:38;
3-орын – Айнұр Саттыбаева 26:45.

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ұлдар. 

2 шақырым.

1-орын – Әлихан Оспанов 7:20;
2-орын – Ерасыл Абсамет 7:27;

3-орын – Думан Рахиберды 7:33.

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қыздар. 

1 шақырым.

1-орын – Қ. Есеркепова 3:55;
2-орын – У. Қуандық 3:57;
3-орын – І. Сері 4:02;
3-орын – М. Еремина 4:02.

Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға