Жаңалықтар

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.06.2023 12:58 2245

Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан парламенттері палаталарының спикерлері, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген парламентшілер, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысып жатыр.

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Жиында Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығы ресми басталды.

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дана Еспаева отырыстың мәні мен маңызына тоқталды. 

Басты мақсатымыз БҰҰ мақсатымен сәйкес келеді. Қазіргідей геосаяси жағынан аумалы-төкпелі заманда тату көрші елдердегі әйелдердің бір-бірімен бейбітшілік пен тәулсіздікті нығайтуға қатысуы аса маңызды. Әйелдердің бір-бірімен аузы бір болса, елдер де тату болады. Сондықтан біз, Орталық Азиядағы әйелдер, бір-бірімізбен тату болып, бірігіп бастама көтеріп жатырмыз. Оларды іске асырсақ, өңірдегі бейбітшілігімізге, қауіпсіздігімізге үлесін қосады. Сондай-ақ әйелдердің саяси және басқа да қоғамдық салаларға белсенді қатысуын талқылаймыз. Бұл әсіресе Түрікменстан үшін аса өзекті, - деді ол. 

Сондай-ақ Дана Еспаеваның сөзінше, Орталық Азия әйелдері үшін зорлық-зомбылық мәселесі әлі де асқынып тұр. 

Бірақ Орталық Азия әйелдері бұл тақырыпты көтергісі келмейді. Бірақ оны көтеру керек. Жантүршігерлік жаңалықтарды біздің елде де естіп жатырмыз. Ер адамның әйелін өлтіргені, балаларын өлтіргені туралы, - деді ол.

Сондай-ақ ол әйелдерге қатысты проблемалар көтеріліп, ортақ шешімдер қабылданатынын айтып сендірді. 

Бүгінгі жиынға қатысушылардың негізгі тобы – парламентарийлер. Олар осы мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсынып, әркім өз елінде іске асыратын болады. Зорлық-зомбылыққа қатысты проблемаларды шешуге қолайлы болуы үшін заңға өзгеріс енгізуді ұсынатын боламыз, - деді ол. 

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтіп жатыр

Өзбекстан Республикасы Парламентінің депутаты, Әйелдер және отбасы істері комитеті Гендерлік теңдік мәселелері комитетінің мүшесі Гулнора Маруфова Өзбекстанда да гендерлік теңдік, әйел құқықтары өзекті болып тұрғанын айтады. 

Әйелдер құқықтары саласында үлкен өсу бар. Бұл диалогтың әйелдердің өмірінде атқаратын рөлі мен маңызы зор. Бүгін мықты идеялар айтылды. Оның ішінде әйелдерді бизнесте, экономика саласында, IT технология саласында алға шығару үшін біраз бастама көтерілді, - деді ол. 

Оның сөзінше, Өзбекстанда әйелдердің 87% интернет қолданады. Ол мұның маңызы зор екенін айтты. Ол сондай-ақ Өзбекстанда әйелдердің кәсіпкерлік саласында үлес салмағы көп екенін тілге тиек етті. 

Біз әйелдерді кәсіп жасауға үйретеміз. Әйелдердің бизнес идеялары болса, олар әйелдерге арналған арнайы бағдарламалармен жеңілдетілген несие ала алады, - деді ол. 

Сондай-ақ ол әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық болса, қылмыскер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. 

Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы – өңірдегі әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң. 

Диалог 2020 жылғы желтоқсанда ресми түрде өз жұмысын бастаған. Осыған дейін диалогқа Өзбекстан және Түрікменстан төрағалық етті. Диалог БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы, БҰҰ Даму бағдарламасының және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен құрылды және қызмет етіп келеді.

Диалог жұмысының екі жылында гендерлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды. Бүгінгі таңда инновациялық әлеует деңгейі, елдердің бәсекеге қабілеттілігі және қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікті ілгерілету үшін мемлекеттердің күш-жігері арасында тығыз байланыстың болуы айқындалып келеді.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, әйелдер диалогы – Орталық Азиядағы әйелдерді біріктіретін алғашқы алаң. 

Біз диалогта көтеретін негізгі мәселелер бар. Бұл, ең алдымен, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі. Екіншісі – аймақтық ынтымақтастық. Үшіншісі – гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, яғни әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Өкінішке қарай, бұл мәселе бүкіл әлемде өте өткір болып отыр. Климаттың өзгеруі жағдайында әйелдерді климатқа байланысты проблемалардан қалай қорғауға болатындығы туралы мәселе өте маңызды. Сондай-ақ инновациялар мен технологиялардағы әйелдердің рөлі қосылды, - деді Айгүл Құспан. 

Депутаттың пікірінше, әйелдер үшін ақпараттық технологиялар дамуы пайданың пайдасы зор. 

Олар әйелдердің өмірін жеңілдетеді және олардың мүмкіндіктерін арттырады. Үйде отырып-ақ әйелдер ақпараттық технологияларға қол жеткізе алады. Өзінің кәсіби қызметімен айналыса алады. Сондықтан әйелдердің сапалы ақпараттық технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету өте маңызды. Ол үшін қол жеткізуді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қажет, – деді Айгүл Құспан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға