Астанада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
07.12.2024 02:47
815
Астанада бүгін түнде Байқоңыр ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үйден 3 газ баллонын алып шықты. Осылайша төтеншеліктер жарылыстың алдын алды.
Өрт аумағы - 40 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісуда тұрғын үй ауласында өрт шықты
Келесі жаңалық
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды