Жаңалықтар

Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды

Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды
Фото: Видеодан кадр 26.07.2023 14:28 720

Астанада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласындағы Байтұрсынов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері өртеніп жатқан пәтерге барып, тілсіз жаудан 1996 жылы туған пәтер иесін құтқарды.

Оқи отырыңыз:

Өрт сөндірушілер пәтерге 6 минутта жетіп барды. Олар келгенде өрт 30 шаршы метр жерді алып кетіпті. Үй жиһаздары мен басқа да заттар жанып кеткен екен.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 16.28 бен 16.44-тің арасында сөндіріп үлгерді. Өртті сөндіруге Астана қаалсы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның 22 адамы және 4 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға