Жаңалықтар

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті орнатылды

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті орнатылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 19.10.2023 19:00 536

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Құтқарушылар күні мерекесіне орай өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін – Құтқарушылар күні – Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті ашылды. Оның жанқиярлық әрекеті, қаһармандығы мен батылдығының арқасында адамдар құтқарылды. Асқар Забикулиннің ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады

Бюст №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің аумағында орналасқан. Сол сияқты батырдың құрметіне көше атауы беріліп, ескерткіш тақта орнатылды

Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер мыңдаған адамның өмірін ажал аузынан құтқарып қалдыңыздар. Сіздердің мамандықтарыңыз үлкен құрметке ие әрі қауіпті. Бәріңізге қызметтен ылғи да аман-есен оралуды тілеймін! - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға