Жаңалықтар

Астанада өрт кезінде алпысқа жуық адам эвакуацияланды

Астанада өрт кезінде алпысқа жуық адам эвакуацияланды
Фото: El.kz 23.03.2025 23:41 566

ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталып, өрттің шығуына себеп болған.

ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр. 

Бұл ретте ТЖМ азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға