Астанада Өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр
Астана қаласының «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өңірлік мерзімді басылымдарының жұмыс деңгейін арттыру мақсатында форум өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, медиа кеңістіктегі мемлекеттік тіл мәселелері, конвергентті журналистика, басылымдардың сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту, оларды оқырманға уақытылы жеткізу мәселелері талқыланатын болады.
Форумның қатысушысы баспа БАҚ саласында тәжірибе және кәсіби идеялармен алмасу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ журналистік зерттеулер жазу, әлеуметтік желілер мен сайттарды сауатты жүргізу, редакцияның жұмыс деңгейін арттыру дағдыларын жетілдіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram