Жаңалықтар

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай фестиваль өтеді

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай фестиваль өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 31.03.2025 18:35 367

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы жылғы 2-4 сәуір аралығында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалін өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фестивальдің мақсаты – көрнекті композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық музыка өнерінің дамуына ықпал ету, жас музыканттарға қолдау көрсету және өңірлік өнер ұжымдарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Фестиваль аясында қазақ музыкасының алтын қорына енген «Құстар әні», «Өз елім», «Аққу», «Ата толғауы», «Жан сәулем» және басқа да шығармалар орындалады.

Мәдени іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет және өнер майталмандары және еліміздің әр өңірінен келетін шығармашылық ұжымдар, БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым қатысады.

Фестиваль өтетін күндері Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аңыз тұлғаның туындылары талқыланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға