Жаңалықтар

Астанада Нәжімеденов көшесінің учаскелері ішінара жабылатын болады

Астанада Нәжімеденов көшесінің учаскелері ішінара жабылатын болады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.10.2023 18:40 640

Астана қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, сумен жабдықтау желілерін орнату мақсатында Ж.Нәжімеденов көшесі бойынша жұмыстарды жоспарлап отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған байланысты 16-24 қазан аралығында Ж.Нәжімеденов көшесі мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында, сондай-ақ 25 қазан мен 5 қараша аралығында Ж.Нәжімеденов көшесі мен Жұмабаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қала тұрғындарын құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға