Астанада Назарбаев мектебінде оқитын қызды пышақтап кеткен
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
26.05.2024 15:26
2072
Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Жас қыз медицина мекемесіне 26 мамырда жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде оқушы қыздың іш тұсы, қол аймағы, мойын мен жамбасы пышақталған деген ақпарат шықты.
Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жасар қызды өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті ұсталған.
Аталған факті бойынша күдікті ретінде кәмелет жасына толмаған бала ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Терегу амалдары жүріп жатыр,-делінген полиция мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға