Астанада Наурыз мерекесінде қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
16.03.2024 04:42
767
Астанада алдағы Наурыз мерекесі күндері қоғамдық көлік қалай қатынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап.
Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жұмыс істейді:
21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;
24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.
Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.
Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.
Бөлісу:
