Жаңалықтар

Астанада насыбай мен снюс сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды

Астанада насыбай мен снюс сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 18.01.2025 01:27 118

Нұра ауданының әкімдігі аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды.

Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.

Ауданымызда мониторингтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 16 дүкен тексерілді. 2 нысанда заңбұзушылықтар анықталып, ол үшін дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз барлық кәсіпкерге тыйым салынған тауарларды сатпау мәселесін ескертеміз, - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.

Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға