Жаңалықтар

Астанада мыңнан аса адам жаппай жүгіріске қатысты

Астанада мыңнан аса адам жаппай жүгіріске қатысты
Фото: Астана қалалық әкімдігі 11.11.2024 12:55 337

Астанада жаппай жүгіріс өтіп, қала тұрғындары Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, ауа райы қарлы жел болса да, елорданың көрікті жерінің бірінде 1000-нан аса әуесқой жүгіруші жиналды.

Бұқаралық жүгіру іс-шарасы - қала тұрғындарын ең көп жинайтын спорттың бірі. Сәуірден бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жүгірістерге уақыт өткен сайын қатысушылар қатары арта түсуде. Осы спорттық іс-шара - соның айқын дәлелі. Қандай мезгіл болмасын, спорттық жүгірістерді тоқтатпаймыз. 16 қараша күні «Отбасылық марафон» ұйымдастырылса, 21 қарашада түнгі жүгіріс жоспарланған. Желтоқсан айында да тұрғындарды бірнеше ірі жарыстар күтіп тұр. Нақтырақ айтатын болсақ, 8 желтоқсан күні Триатлон саябағында «Astana Run», желтоқсан айының ортасында жыл сайынғы «Qysqy jugiru» жарысы және 31 желтоқсан күні Ботаникалық саябақта жаңа жылдық кешкі мерекелік бұқаралық жүгіру өтеді. Жүгіруге деген қызығушылықтың арқасында іс-шаралардың саны да артып жатыр, - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.

Жүгіріске жиналған қатысушылардың жасы ең кішісі 11-де болса, жасы ең үлкені - 65 жаста болды. Әуесқой жүгірушілер тек қана 4 шақырымды еңсеріп қана қоймай, арнайы естелік медаль алды.

Іс-шара соңында IPhone 15 Pro смартфоны мен 5 велосипед лотерея арқылы ойнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға