Астанада мопед жүргізген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопед айдаған 13 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.
Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан.
Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады полицейлер.
Жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.
Жәбірленушінің сол жақ жамбас сүйегі сынған. Оны ауруханада арнайы мамандарға қарап, травматология бөліміне жатқызылды.
