Жаңалықтар

Астанада мерекелік жәрмеңкеге екінші күні 42 мың адам келді

Астанада мерекелік  жәрмеңкеге екінші күні 42 мың адам келді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 23.03.2024 06:36 664

«Наурыз базары» жәрмеңкесі жұмысының екінші күні ЭКСПО халықаралық көрме орталығына 42 мың адам келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан астанасына зергерлер, қыш шеберлері, керамика, тас және т.б. мамандары, сол сияқты кілем тоқу бойынша сарапшылар, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінен халық музыкалық аспаптарын жасаушылар жиналды.

«Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар этностильдегі киім топтамаларының, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттарды, кәдесыйларды ұсынды.

Еліміздің өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. әкелді.

«Наурыз базары» аясында шығыс тағамдары фестивалі өтіп жатыр, онда астаналықтар мен қонақтар наурыз көже, палау, бауырсақ және басқа да ұлттық мерекелік тағамдардан дәм татты.

22 наурызда жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап 1,7 тоннадан астам палау және 500 литрден астам наурыз көже дайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға