Астанада мерекелік отшашу өтті

Астанадағы Триатлон саябағында мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан астам адам келді. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-дан 250 метрге дейін 2500 отшашу ұшырылды. Ұзындығы 150 метрді құрады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.
Айта кету керек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін айтулы мерекеге орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шаралар және т.б.) өткізілді.
Сонымен қатар мереке аясында түрлі саладағы еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан қазақстандықтар және т.б. тұлғалар марапатталды. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылды.
