Астанада мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
![Астанада мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді Астанада мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді](/storage/storage/element/2024/12/31/mainphoto/136132/1200xauto_jiTcyiyuZQFDae2NDOXe2ioT4scv7mV4eUG7phbl.jpg)
"Қалалық көлік жүйелері" компаниясы алдағы демалыс күндері елордада автобустардың қалай жүретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның Instagram-дағы парақшасында алдағы мереке күндері елордалық қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі жарияланды: 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді. Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді; 1 қаңтар Сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді; экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді. 2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз; 5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді. 7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді. "Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз!", - делінген хабарламада.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)