Жаңалықтар

Астанада мерекеге орай 36 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Астанада мерекеге орай 36 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 26.02.2025 19:08 164

Астанада халықаралық әйелдер күніне орай, елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға