Жаңалықтар

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.06.2023 13:04 1223

Мемлекеттік қызметкерлерден құралған жиын қатысушылары кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы әйелдің рөлін, мемлекеттік қызметте ілгерілету кезіндегі тең жағдай мен мемлекеттік қызметші әйелдерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева мемлекеттік қызметте тең құқықтар мен мүмкіндіктерді іске асыру бойынша шараларға тоқталды.

Сіздер, білікті және тәжірибелі кәсіби маман ретінде өзгелерге үлгі бола отырып, оларды ілгерілетуге өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Өкінішке қарай, бүгінде адал, әділ мемлекетшілдік бейнеге деген сенім азайған және бұл негізсіз емес. Сіздер мен бізге әрбір мемлекеттік қызметшінің және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне теріс әсер ететін барлық жағымсыз жағдайды болдырмау бағытында жұмыс істеуіміз керек. Бұл Президенттің бастамасымен басталған саяси реформаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерді салып, оларға деген сенімге нұқсан келтіретін кез келген фактілерге мүлдем төзбеушілікті қажет етеді, - деді Балаева.

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудағы әйелдердің маңызды рөліне тоқталып, тең құқықтар мен мүмкіндіктер негізінде әйел адамдардың әлеуетін кеңінен пайдалану тұрақты дамудың кепілі екендігін атап өтті.

Меритократия қағидатына сәйкес елімізде кез келген мемлекеттік қызметші гендерлік ерекшелегіне қарамастан, өзінің тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіптік дайындығына сәйкес мансаптық ілгерілеуге қол жеткізе алады, - деді ол.

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде «адами фактордың» әсерін толығымен жоятын іріктеудің толық цифрлық негізіне кезең-кезеңімен көшу басталды.

Спикерлер мемлекеттік қызметте тең құқықтар мен мүмкіндіктерді іске асыру бойынша шараларға тоқталды. Бүгін меритократия қағидатына сәйкес елімізде кез келген мемлекеттік қызметші гендерлік ерекшелегіне қарамастан, өзінің тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіптік дайындығына сәйкес мансаптық ілгерілеуге қол жеткізе алады.

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде «адами фактордың» әсерін толығымен жоютын іріктеудің толық цифрлық негізіне кезең кезеңімен көшу басталды. Жаңа іріктеу жүйесі тең бәсекелестік пен ашықтық қағидаттарында жынысына қарамастан кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

Биыл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына мониторинг жүргізу үшін нормативтік құқықтық база толығымен реттелді. Бала тәрбиелеп отырған аналар үшін өзекті болып табылатын қашықтан және икемді жұмыс уақыты режимінде жұмысты енгізу қағидалары бекітілді.

Көптеген жыл бойы ротация мәселесі мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардағы әйелдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі болды. Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер басқа елді мекенге ауысуға жататын қызметкер жүкті әйелдер, көп балалы немесе жалғызбасты ана, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйел санатына жатса, ротацияны іске асыру әйелдің келісімімен ғана мүмкін болады.

Астанада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

Шараға қатысушылар диалог барысында айтылған идеялар мен ұсыныстар шешімдер қабылдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында ескерілетінін айтты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте 83 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда. Оның 46 мыңнан астамы әйелдер, яғни мемлекеттік аппараттың 55%-ын әйелдер құрап отыр. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 40%-ға жуық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға