Жаңалықтар

Астанада мектеп сыныбына Борис Керімбаевтың есімі берілді

Астанада мектеп сыныбына Борис Керімбаевтың есімі берілді
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 16.02.2025 07:29 591

Елордада мектептің «Жас сарбаз» сыныбына аты аңызға айналған Борис Керімбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орайластырылған шара өтті. Оны Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы, Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының және «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық балалар-жасөспірімдер қозғалысының басшылығы ұйымдастырды. 

Шиеленіскен жағдайда сіздер батылдық, мықтылық пен табандылық таныттыңыздар. Талай сынақтардан өтіп, шынайы патриотизм мен жауынгерлік рух барлық кедергіні жеңетінін дәлелдедіңіздер. Сіздердің ерліктеріңіз халық жадында мәңгі қалады, - деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Тілек Серіков. 

Іс-шара аясында 68665 әскери бөлімі қару-жарақ көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар мен студенттер Ұлы Отан соғысы кезіндегі жәдігерлер қойылған әскери-тарихи мұражайдың экспозициясымен танысты.  

Мекемеге келушілер үшін 68665 әскери бөлімінің құрмет қарауыл ротасы дефиле, ал барлаушылар қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетті. 

Сол күні әскери мұражай атриумында елордадағы № 71 мектеп-лицейдің бесінші «Жас сарбаз» сыныбы оқушыларының қатысуымен «Ерлік сабағы» өтті. 

Ауған соғысына қатысқан отставкадағы полковник Ербол Смағұлов «Парыз» басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы балалармен кездесті. 

Өз еліңнің патриоты болуы үшін әскери адам болуың міндетті емес. Дегенмен бала кезімізде, мектеп жылдарында ересектер бізді Отанды сүюге үйретті, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова туралы әңгімелерді естіп өстік. Нағыз батылдық пен патриотизмнің үлгісі болып табылатын аты аңызға айналған «Қара майор» – Борис Керімбаевпен танысу бақытына ие болдым, – деді соғыс ардагері. 

Жауап ретінде № 71 мектеп-лицейінің оқушылары мұғалім-тәлімгерлердің не үйреткенін көрсетті. Бесінші сынып оқушылары тамаша саптық және дене шынықтыру дайындығын, қару-жарақсыз өзін-өзі қорғау және қоян-қолтық ұрысының әдістерін жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Іс-шара соңында № 71 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары ұжымға Борис Керімбаевтың есімі берілгені туралы сертификат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға