Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі табылды
Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz
26.12.2022 21:07
1779
26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы «Нұрлы жол» вокзалының ауданында медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.
«Тексеру барысында полигонның көлемі шамамен 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы материал тіркеді. Бұдан әрі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада автобус карталары қымбаттайды
Келесі жаңалық
Ақтауда толассыз жауған қар қалай күреледі