Астанада мәслихаттың жаңа төрағасы сайланды

Фото: maslihat01.kz
Фото: maslihat01.kz
27.01.2025 15:50
374
Астанада 7-шақырылымдағы мәслихаттың жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке "Астана су арнасының" бас директоры қызметін атқаратын 50 жастағы Табиғат Зейнұлқабден келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Табиғат Зейнұлқабден 1974 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "экономист-менеджер" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша білім алған. Сол жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "су ресурстары және су пайдалану" мамандығы бойынша аяқтаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордадағы перзентханада әйел АИТВ жұқтырған
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жоғалған ер азамат табылды