Жаңалықтар

Астанада Мәскеу көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Мәскеу көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: el.kz / Арман Мухатов 09.07.2023 22:25 818

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бекетай көшесінен Г.Потанин көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты 10-11 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға