Жаңалықтар

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жөндеу жүргізіледі
Фото: Астана қалалық әкімдігі 19.07.2024 17:01 427

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жоғарғы қабатты төсеу бойынша жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс осы жылдың 19 шілдесі сағат 21:00-ден бастап 21 шілдесі аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы сол жағымен бір бағытта ғана (Мәңгілік Ел даңғылынан «Марал» көпіріне қарай) орындалады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға