Жаңалықтар

Астанада мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge 2023" халықаралық турнирі аяқталды

Астанада мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge 2023" халықаралық турнирі аяқталды
Фото: "Denis Ten Memorial Challenge 2023" 04.11.2023 20:00 1036

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) қолдауымен аймақтағы жалғыз турнир ерлер мен әйелдер арасында жеке конькимен сырғанау, сондай-ақ мұз биі бойынша жасөспірімдер мен ересектер санаттарында өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

3 күн ішінде қазақстандық мұзға 23 елден 90 спортшы шықты. Астанаға атақты жаттықтырушылар Александр ЛАКЕРНИК, Анна ЛЕВАНДИ (Кондрашова), Ирина ЖУК, Ростислав СИНИЦЫН, Этери ТУТБЕРИДЗЕ, Юлия ЛИПНИЦКАЯ, Адам СОЛЯ, Вазген АЗРОЯН және басқалар өз тәрбиеленушілерімен келді.

"Challenge" сериясының 8-кезеңін Денис Тен Қоры Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) қолдауымен ұйымдастырды. 

Бүгін кешке арнайы қонақтар-әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен Франциядан Мари - Пьер Лере, Аделия Петросян, Алена Косторная және Георгий Куница (РФ) сияқты талантты коньки тебушілер қатысатын гала-шоу өтеді. 

Сондай-ақ турнирдің жүлдегерлері мен қатысушылары Артур Смағұлов (Қазақстан), Арлет Леванди (Эстония), Хан Гил Ким (Корея), Дарья Гримм және Михаил Савицкий (Германия), София Фарафонова (Қазақстан), Семен Даниэлянц (Армения), Чжу Хон Лим (Корея), Дженифер Янс ван Ренсбург және Бенджамин Стефан (Германия), Диас Жиренбаев (Қазақстан). 

Сонымен қатар, көрермендер Денис Тен академиясының ең көрнекті студенттерімен танысады.

Гала-шоудан түскен қаражат Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және Денис Тен атындағы академияның жас, талантты мәнерлеп сырғанаушыларын қолдауға жұмсалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға