Елордада қырғыз халқының батыры Манасқа ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа сол елдің Мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтовты алдағы уақытта Астанада орнатылатын Ұлы Манас ескерткіші эскизінің жобасын ұсынды.
Ескерткішті орнату жөніндегі уағдаластыққа Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы 2020-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық аясында қол жеткізілді. Қырғызстандық мүсіншілер мен суретшілер арасында ескерткіштің ең үздік эскизіне байқау өткізілген.
Белгілі болғандай, ескерткішті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көп баратын жерде орнату жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
4 желтоқсанда басым өңірлерде қар жауып, боран соғады
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды