Астанада LRT құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды
Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
29.10.2022 20:30
2327
Елорда әкімдігі Астанада LRT құрылысының қалай жүріп жатқанын айтты. 2023 жылы учаскелерде темір-бетон құрылымдарын, инженерлік желілерді шығаруды аяқтау және М3 көпірін салу жоспарланып отыр.
"Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша LRT желісінің құрылысын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды. 2022 жылы 102-103 бекеттерінде жоспарланған арқалықтарды, торларды, 113-114 бекеттерінде қадаларды орнатуды аяқтау жоспарланып отыр", – деді әкімдік өкілдері.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады
Келесі жаңалық
«Талибан» британиялық қарт ерлі-зайыптыны қамауға алды