Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды

Елордада LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті.
LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген.
Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген, - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.
Айтуынша, екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса – 2026 жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс.
