Жаңалықтар

Астанада LRT билеті қанша теңге болады?

Астанада LRT билеті қанша теңге болады?
Фото: primeminister.kz 17.04.2025 17:13 416

Астанада LRT-де жол жүру құны 100-ден 200 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

LRT билетінің бағасына келсек, жобалық тариф белгіленген. Қазірше 100-ден 200 теңге аралығында деп болжанып отыр. Әзірге осы межеде қала береді, – деді әкім.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елордадағы ақылы тұрақтарды жаңа инвесторға беру туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде жоқ.

Мен осыдан 2-3 ай бұрын алдын ала айтқан болатынмын. «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесін коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Бұл мәселе бойынша қазіргі уақытта Көлік басқармасы инвестормен келісімшартты тоқтату бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Мекеме толықтай коммуналдық меншікке өтеді, – деді қала басшысы.

Айта кетейік, LRT жобасын биыл күзде тестілік режимде іске қосу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға