Астанада әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне қосыла бастады
Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылады.
Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.
Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермес үшін компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша арнайы желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.