Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды
![Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды Астанада күндізгі ауысымға 900-ге жуық техника шығарылды](/storage/storage/element/2024/12/05/mainphoto/132762/1200xauto_od9y2TnEtj9ls4CAFigUfuxOKkPEMkUOgZX70Lzf.jpg)
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір түнде олар қаладан 168 жүк көлігіне қар жинап, алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні таңертең елорданың көшелері мен жолдарын, алаңдары мен тротуарларын қар мен мұздан 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 890 бірлік арнайы техника тазартады.
5 желтоқсанға қараған түні қаладан 168 жүк көлігі немесе 1 892 текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 65 мыңнан астам рейспен 839 мың текше метр қар шығарылды, - делінген мәліметте.
Әкімдік ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылатынын еске салды. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)