Жаңалықтар

Астанада «Көшпенділер рухы» атты халықаралық фотокөрме ашылды

Астанада «Көшпенділер рухы» атты халықаралық фотокөрме ашылды
Фото: gov.kz 24.08.2024 17:32 466

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Creative & Innovation Institute» Орталық Азияның тұрақты даму Қоғамдық Қоры ұйымдастырды.

Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған.

Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.

Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.

«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі Астана қ., Сығанақ көш., 60/5 мекенжайы бойынша өтіп жатыр. Көрме 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға