Жаңалықтар

Астанада көпқабатты үй жертөлесіндегі наубайхана өртенді

Астанада көпқабатты үй жертөлесіндегі наубайхана өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 03.03.2025 19:22 179

Астанада 6 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабатындағы наубайханада өрт шықты. ТЖМ мәліметіше, ғимараттың жертөлесінде сөрелер жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматы ауданы Қ.Рысқұлбеков көшесі бойында болған. Қызыл жалын 20 шаршы метр алаңды шарпыған. Төтеншеліктер өртті оқшаулап, кейіннен толығымен сөндірді.  ТЖМ өрт сөндірушілері оттан 5 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға