Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
22.02.2024 22:02
878
Астанада Мұхамеджанов көшесі бойындағы көпқабатты тұғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Оқиға 12-қабатта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктерге сағат 21.30-да өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жануы, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталған.
Қызыл жалын сағат 21.51-де ауыздықталып, 21.55-те толықтай сөндірілді. Оны сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда өрт аумағы анықталуда.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті
- Алматыда «времянка» өртеніп, екі адам қайтыс болды
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Велотректен Азия чемпионатының 5-ші жарыс күні өтті