Астанада көпірден секірген тұрғынды құтқарушылар аман алып қалды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
18.06.2023 13:17
842
Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көпірден Есілі өзеніне секірген адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға бүгін түске таман орын алды. Қаладағы өзен көпірінен белгісіз адам күтпеген жерден суға секірген. Осы орайда құтқару қызметі қоңырау түскен мезетте бірден оқиға орнына жетіп, құтқарып үлгерді.
Бүгін сағат 11-25-те елордада ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенінде қайықпен патрульдеу кезінде елордалық құтқарушылар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған, - деп жазылған елордалық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті