Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды
236 абонент газсыз отыр
29.11.2022 03:17
1220
Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген компания хабарламасында.
Ұйым өкілдері аталмыш шағын аудан тұрғындарынан авариялық карандарды жауып ұстауды сұрап отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
7 өңірде жолдар жабылды